«Облыс көлемінде 3 қылмыстық іс қозғалып, 127 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу) бойынша 84 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша 16 дерек тіркелді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану бойынша – 2, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау бойынша – 1 қылмыс тіркелді», - делінген баспасөз мәліметінде.
Аталған деректер бойынша заң бұзушыларға 1 225 200 теңге айыппұл салынған.
«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы облыста 19 қарашаға дейін жалғасады.