Маңғыстауда табысын жасырып, атаулы көмек алғандар анықталды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Миллион теңге табыс тауып, оны жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған 55 отбасы анықталған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова Мұнайлытұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті оңай олжа деп ойлап,жымқырғысы келетіндер саны артқан. Мәселен, былтыр сондай 55 отбасы табысыныңмиллионнан астам екенінжасырған. Оның 24-і Мұнайлы ауданының тұрғындары.

Бұдан бөлек, кәсіпкерліктен 10 млн теңгеден артық табыс тапқан 8 отбасыанықталыпты. Олар 10 үйге тиесілі 21 мың теңгені алып отырған.

Қарашаш Нұрмамедованың айтуынша, атаулы экономикалық көмек қарапайымxалықтың табысынан түскен салық. Сондықтан оны арам жолмен, пайда көру үшінөтінім бермеу керек.

Сондай-ақ, кейбір отбасылар басқа жақта тұратын балалары үшін алған. Осындай 85 жағдай тіркелген.Оның 38-і Мұнайлыда анықталған.


Соңғы жаңалықтар