Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында сот қызметкерлері спартакиада ұйымдастырды

АҚТАУ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында сот қызметкерлері спартакиада ұйымдастырып, эстафета, арқан тарту, шашка мен шахмат, сондай-ақ шағын футболдан жарысқа түсті.

Спартакиадаға Маңғыстау облыстық соты, мамандандырылған қылмыстық, экономикалық сот, әкімшілік және жасөспірімдер соты секілді облыстық және қалалық сот командалары қатысуда. Тек эстафетаның өзінде 800-ге жуық адам қатысты.

Жарыс жеңімпаздарына ескерткіштер және бағалы сыйлықтар берілді.