Маңғыстауда тұрғындар ерекше көбелекті кездестірді

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тұрғындар көшеде гүлге қонып жүрген үлкен көбелекті кездестіріп, Facebook желісіне жүктеген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейбір желі қолданушылары колибри құсыұшып келген деп пікір білдіруде.

Көлемі 50 мм-дей болатын көбелектіТүпқараған ауданы, Сығынды ауылының тұрғындары бейнетаспаға түсіріп алған.

Олар колибри құсы болуы мүмкін депболжаған.

Дегенмен, бұл құс емес, көбелектертұқымдасына жатады (лат. Sphingidae). Алғаш көргендер тропиктік колибриге қаттыұқсатуы әбден мүмкін, деп жазған мамандар. Олардың жіңішке тұмсықтары, шалтқимылдары ғана емес басқа да көптеген ұқсастықтары баршылық.

Колибри көбелегі ұзын тұмсығы арқылы гүлшырынымен қоректеніп, осы арқылы өсімдіктерді тозаңдандыруға септігін тигізеді.

Жалпы, бұл көбелек сағатына 50 шақырымжылдамдықта ұша алады. Табиғатта 1000-ға тарта түрі бар.

Соңғы жаңалықтар