Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл шараның мақсаты халыққа жеке мүлікті қорғау, қылмыстық құқықты одан әрі ізгілендіру, соттар айналысатын жұмыстардың ауқымы сияқты бағыттар бойынша ҚР заңнамаларындағы жаңалықтарды жан-жақты түсіндіру.
«Билбордтар көшелер мен елді мекендерде орналастырылған. Біздің мақсатымыз кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерді тұрғындарға жан-жақты түсіндіру. Осындай жолмен біз көпшіліктің құқықтық сауатын арттырамыз»,-дейді сот өкілдері.
Сот қызметкерлерінің хабарлауынша, Тұпқараған ауданының соты Форт-Шевченкода билборд орнатты. Енді тұрғындар даулы мәселелерді тек сот қана емес нотариустар да қарайтынын біледі.