Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген азаматқа қатысты полицияға арызбен жүгінді. Жәбірленушіден 1 600 000 теңге көлемінде қаражат талап етілген.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті ұстады. Тінту жүргізу барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын 200 000 теңге ақшалай қаражат тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.