Маңғыстауда Түрікменстанға баратын жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы» (Түрікменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Республикалықмаңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы(Түрікменбашы)» автожолының 73 шақырымы қайта жаңартылып жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І«Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады. Қазіргі таңда жұмысшыларжер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарынтөседі. Учаскеде 25 темірбетон құбыр орнатылды.

Быилғы жоспарбойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайтажаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген.

Автожолды қайтажаңартуға 800-ге жуық маман мен 565 техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігініңталаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жолбелгілері орнатылады.

Қайта жаңартужұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.

Соңғы жаңалықтар