«Ақтау қаласыныңқылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық топмүшелері А. Айтқалиев, Е. Арықбай, Ж. Жаңбырбаев, Р. Жексенбаев, Е. Зорбай, Ж.Базарбаев, Д. Бимырза және С. Кенғановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алутүріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», - делінген Өңірлік коммуникацияларқызметі таратқан мәліметте.
Еске салсақ, 29шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп,Маңғыстау облысында әрекет еткен қылмыстық топ мүшелерінің заңға қайшы іс-әрекетініңжолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция жүргізгенболатын.
Нәтижесінде Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданында бір мезгілде әртүрлі төртқылмыстық топтан 17 адам ұсталды.
Олардан 3 тапанша, дыбыстыбәсеңдететін 1 құрал, 8 шолақ аңшы қаруы, 1 «Сайга» карабині, ұсақ калибрлі 1 винтовка,5 травматикалық тапанша, 218 дана оқ-дәрі, түрлі суық қарулар (пышақтар,кастеттер және т.б.) табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.