Пікір білдірушілердің сөзіне сенсек, 56 жастағы қалыңдықты құтты мекеніне шығарып салу рәсімі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткен.
Бейнетүсірілімнің басқы бөлігінде «жас келінді» туған-туыстар өз үйінен шығарып салып жатады. Ол дəстүр бойынша сыңсу айтып, қоштасады. Ал видеоның соңына қарай қуанған ағайын-туыстың, соның ішінде ұзатылып жатқан əжейдің шат-шадыман биін тамашалауға болады. Сондай-ақ түскен шаңырақтағы әжейдің бетін ашу рəсімінен фото да бар.
Фейсбук пайдаланушыларының бірі әжейге бақыт тілесе, бірі «немере сүйетін жасқа жеткеннен кейін, мұнша рәсім ұйымдастырудың қажеті жоқ еді», деген пікірлерін білдіруде.