Оған жалпы режімдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Іс жабық түрде қаралды, отырысқа журналистердің кіруіне рұқсат етілмеді.
«Сотталушы ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлімі («жас бала екенін көрінеу біле тұра оған күш қолданбай, азғындық әрекеттер жасау») бойынша айыпты деп танылды. Оған 8 жылға дейін белгілі бір қызметтерді (балалардың тәрбиесіне және оқытуға қатысты) атқаруға тыйым салынып, жалпы режімдегі колонияда 5 жыл жазасын өтеу үкім етілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Гаухар Нұрханова.
Сотқа куәгерлер ретінде қыздың сыныптастары қатысты. Зейнеткер қыздың қолын және аяқтарын сүйіп, денесін ұстағаны белгілі болды. Қорлық жасалмаған.
Сотталушы зардап шегуші қызға моральдық залал ретінде 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлейді.