Көлік апаты Ақтау - Маңғыстау бағытындағы тас жолда болған. Газ тасымалдайтын «МАЗ» ауыр жүк көлігімен қарсы бағытта келе жатқан «Хюндай» жеңіл көлігі соқтығысқан.
Қазір дәрігерлер үшінші адамның өмірін сақтап қалу үшін барын салуда. Оның жағдайы аса ауыр деп бағалануда.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, асығыстық танытып, қарсы бағытқа шыққан жеңіл көліктің жүргізушісі өз жолына түсе алмай, ауыр көлікке соғысқан.
Қазір полиция оқиғаны тексеріп жатыр.