Маңғыстауда жол апатынан үш адам мерт болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы «Шетпе-Жетібай» республикалық маңызы бар тасжолының бойында ауыр жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жеңіл көліктегі үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында Шетпе-Жетібай тас жолының 112/117 шақырымында болған.

«Шетпе ауылына қарай бара жатқан «Ваз 2115» автокөлігі жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Man» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Ваз 2115» көлігінің

жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдарын жүргізу басталды.


Фото: instagram.com/112_aktau