Қайғылы жол-көлік оқиғасын полиция капитаны Тайман Аңшыбаев пен ағалейтенант Нұрлан Қаштаев рейд жүргізу кезінде анықтады.
Тайман Аңшыбаев қозғалмай тұрған тіркемесі бар жүк көлігі жартасқа соғылып,қисайып қалғандығын айтады. Тіркемесіне картоп тиелген көліктің кабинасы қатты соққыныңсалдарынан мыжылып, жүргізуші қысылып қалған.
Тайман Аңшыбаев оқиға орнына бірден тергеу-жедел тобын шақырған.
Белгілі болғандай, қайғылы жол апаты тамыздың 1-нен 2-не қараған түні Шетпемен Бейнеу ауылдарының арасында, Маң ата өткелінің қауіпті аймағында болған.
Қаза тапқан азаматтың осы көлік құралының жүргізушісі екені анықталды. ОлЖамбыл облысының тумасы.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.