Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомстваның хабарлауынша, 28 шілде күні 102- қызметіне ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Қарақия ауданының жедел тергеу тобы жіберілген.
«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлімі» бабы бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады департаменттен.