Маңғыстауда жолсеріктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен өңірдің Көліктік бақылау инспекциясы жүргізген рейд барысында бірнеше жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің мәліметінше, рейд «Алматы – Маңғыстау», «Маңғыстау– Алматы»және «Маңғыстау –Атырау» бағытындағы пойыздарда өткізілді. Нәтижесінде, билетсіз 23 жолаушы мен 900келі рәсімделмеген жүк анықталған. Департамент қызметкерлері жолсеріктерге қатысты21 әкімшілік материал толтырды.

«Бұл жұмыстар оданәрі жалғастырылады. Алдағы уақытта теміржол саласы қызметкерлерімен осындай шараұйымдастырамыз», - делінген хабарламада.