Бүгінгі күнге дейін зертхана арқылы дәлелденген 97 жағдайы тіркелген.
Оның ішінде 86 ересек адам, 11-і 14 жасқа дейінгі бала. 86 ересек адамның ішіндегі 55-і жүкті әйелдер.
«Өткен 2021-2022 жылдың эпидемиологиялық маусымының осы кезеңінде жедел респираторлы вирусты инфекцияның 69 793 жағдайы тіркеліп, көрсеткіші – 9220,81 құраған болатын. Салыстырмалы түрде аурудың деңгейі -1,2 есеге жоғарылап отыр»,- дейді Мадина Рахметова.
Сондай-ақ облыста амбулаторлық және стационарлық деңгейде 25 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
«Тұрғындарға инфекциялық - 7, стационарда 108 төсек орын қызмет атқаруда. Стационарларда науқастар саны 1 қаңтарда 9 адам болса, бүгінгі күні 6 адамға, яғни 1,5 есеге төмендеді. Төсек-орын толымдылығы - 5,5%. Реанимациялық төсек саны - 22, емделіп жатқан адам жоқ», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева.