Полиция берген ақпаратқа сәйкес, өрттің тұтануына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған.
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген.
Машинаның кабинасы толықтай жанып кеткен, ал тіркемесіне зақым келмеген.
Алапат өрттің видеосы желіге тарады.
Оқиға орнында Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.