Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы көлемі 9 272 000 теңгені құраған.
«Криминалдық полиция қызметкерлері шағымдарға қатысты 31 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді» делінген баспасөз мәліметінде.
Маңғыстаулық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарынан сенімсіз есепшоттарға ақша аудармаулары керектігін ескертеді. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстың куәсі болса, жақын маңда орналасқан полиция бөлімшесіне немесе 102 пультіне хабарласуын сұрайды.