Маңғыстауда жұмысшы трактор астында қалып, ажал құшты
15:53, 03 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында оқыс оқиға салдарынан Өзбекстаннан келген 50 жастағы жұмысшы қаза тапты.
Қайғылы оқиға Жетібай кентінен 7 шақырым жерде орналасқан карьерде бірнеше күн бұрын орын алды. Ішінде 50 жастағы Өзбекстан азаматы бар жұмысшылар өз міндеттерін атқарып жатқан, деп хабарлайды lada.kz.
- Біздің ақпаратқа сәйкес, жұмысшы К-700 тракторын жүргізбек болған, алайда оның өзі қозғалуына жол бермейтін әрекетті жасамаған. Салдарынан қозғалтқыш іске қосылып, жұмысшыны басып кетті. Қазір аталған оқиғаға қатысты сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, - деді Маңғыстау облыстық ІІД өкілі Шолпан Юлдашева.
Жапа шегуші алынған жарақаттардың салдарынан жедел жәрдем көлігінде қаза тапты.