«Ақтау қаласы прокуратурасының актісімен «АВТМ» ЖШС-нен 190 жұмысшының пайдасына 35 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ, «Ынта» ЖШС-і 322 жұмысшылар алдындағы 21 млн теңге қарызын өтеді.Бейнеу және Маңғыстау аудандарында жалақысын ала алмай жүрген 251 жұмысшы 30 млн теңгесін алды», - облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, еңбекақыны уақтылы төлемегені үшін үш жұмыс беруші 600 мың теңгеден астам сомада айыппұл төледі.