Маңғыстауда жыл басынан бері 250 келіге жуық есірткі тәркіленді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымынан 248 кг 235 грамм есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жалпы 347 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталған. Оның 39-ы есірткі қылмысы ретінде тіркелген.

«9 айда заңсыз есірткі айналымынан барлығы 248 кг. 235 грамм есірткі тәркіленсе, оның 207 келісі - марихуана, 40 келісі апиын есірткісі және 1, 524 грамы синтетикалық есірткі» делінген баспасөз мәліметінде.