Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері тоқтатқан автокөлік жүргізушісі ешқандай құжаттарсыз, бауыздалған 3 бас жылқыны Ақтау қаласына алып бара жатқан болып шықты.
Тексере келе, аталған 3 бас жылқының иесі Бейнеу ауданы, Боранқұл селосының тұрғыны екендігі анықталды. Кейіннен белгілі болғандай, Боранқұл селосынан 30 шақырым жерде белгісіз біреулер шаруаның өрісте жүрген 2 биесін және 1 айғырын мылтықпен атып, содан соң 3 бас жылқыны сойып, автокөлікке тиеп, ұрлап кеткен.
«Келтірілген шығын сомасы – 1 350 000 теңге. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен СДТБТ-не тіркеліп, жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау абақтысында»,-деп хабарлады МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.