Маңғыстау аудандық ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жолдыбек Бисенбеков мобильді бекеттің функционалдық ерекшелігімен таныстырды.
«Өрт сөндіру бекетінде сапалақ және өрт-техникалық құрал-жабдықтар бар. Осындай құралдар көмегімен шағын алаңдарда тиімді әрі жүйелі түрде өрт сөндіре бастауға болады. Осы аралықта өртке қарсы қызмет те көмекке келіп үлгереді. Алдағы уақытта ауылдық округтердегі ерікті жасақпен бірлесіп, техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып шағын өрт ошағын сөндіру жөнінде сабақ өткіземіз. Болашақта осы жерге жиі келетін боламыз», - деді Ж. Бисенбеков.
Ол өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен едәуір қашықтықта орналасқан ауылда аптап ыстықта және желді күндері дала өрті шыққан кезде онымен күресу үшін ерікті жасақтың көмегі ерекше бағалы екендігін жеткізді