«Өрт 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде пайда болған. № 303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағында газ-су қоспасының шығарылуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен», – делінген баспасөз мәліметінде.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Дабыл келіп түскен кезде өртті сөндіру үшін жоғары дәрежелі техника мен құралдар тарту туралы шешім қабылданған. Ұңғымадағы өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 56 өрт сөндіруші, 12 өрт сөндіру техникасы және апаттар медицинасы орталығының бір көлігі жұмылдырылған.