Маңғыстаудағы медициналық мекемелер 117 қызметкермен толығады
Бұл туралы Өңірліккоммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысыныңденсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді.
2019 жылдың 6 айқорытындысымен емдеу сауықтыру мекемелерінің ақпараты бойынша Маңғыстау облысына 250-ге жуық дәрігер мамандары қажет. Қалалық жерге127 дәрігер, ауылдық жерге 123 дәрігер жетіспейді.
Ауылдық жергеоның ішінде:
- Мұнайлы орталықаудандық бойынша – 18;
- Түпқарағанорталық аудандық ауруханасы бойынша – 4;
- Маңғыстауорталық аудандық ауруханасына – 2;
- Қарақия орталықаудандық ауруханасына – 7;
- Жетібай ауылдықауруханасына – 9;
- Бейнеу орталықаудандық ауруханасына – 13;
- Боранқұлауылдық ауруханасына – 1,
- Жаңаөзен қаласыбойынша – 69 маман жетіспейді.
Қазіргі таңдаМаңғыстау өңіріне аса қажет мамандар — жалпы тәжірибелі дәрігерлер, кардиологтар,нейрохирургтар, акушер–гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар,неонатологтар, онкологтар, клиникалық фармакологтар, инфекционистер, сәулелідиагностикалық дәрігерлер, физиотерапевттер, психиаторлар (наркологтар),офтольмологтар, отоларингологтар.
Осы проблемалардыжою мақсатында емдеу сауықтыру мекеме басшылары 2019 жылы 7 жоғары оқуорындарының бос орын жәрмеңкесіне барып, 84 жас маманмен шарт жасасып келді.