Маңғыстаудағы жарылыс: 2 мұнайшы көз жұмды, бірі әлі де ауыр халде

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында кен орнындағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның екеуі көз жұмды. Үшінші мұнайшы ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Комсомол мұнай кенішіндегі өрт салдарынан барлығы үш жұмысшы зардап шеккен еді. Олардың екеуі Астана қаласының №1 ауруханасына, үшіншісі Мәскеудің Н.В.Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтына жатқызылған болатын. 

«Мәскеуге жеткізілген науқастың жағдайы өте ауыр еді. Ол жүрек қызметінің бұзылуы, ағзаларының дұрыс жасамауынан қайтыс болды. Оның әу баста тірі қалу мүмкіндігі аз еді. Астанада қайтыс болған науқаста да осындай клиникалық белгілер болды. Қазір үшінші науқас Астанада емделуде», - дейді МО ауруханасы басшысының орынбасары Үміт Ілиясова.

Еске салайық, 20 мамыр күні Комсомол мұнай кенішінде өрт шығып, салдарынан 1 адам мерт болды, тағы 3 адам зардап шекті. 

Кейін облыстық ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғады. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.