11 мамыр күні шамамен сағат 11:00-де «Өзенмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына баратын жолда Toyota Hilux маркалы автокөлік темір қоршауды бұзып өтіп, жолдан шығып кеткен. Салдарынан көлікте отырған екі адамның бірі оқиға орнында көз жұмды.
Ал көлікте болған екінші адам Жаңаөзен қалалық емханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне қайтарылды.
Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.