Олардың үлкені 40-тан асса, ең кішісі - 4 айлық сәбилер. Аядай ғана ауылда жыл сайын кемінде бір отбасыда егіздер өмірге келген.
«Жаңа ауыл» көшесі халық арасында «Егіздер көшесі» деп аталып кеткен. Өйткені, мұндағы 7 үйде егіздер тұрады. Ал мына шаңырақта екі рет егіз бала дүниеге келген.
Гүлзира мен Гүлмираны өмірге әкелген Назаровтар отбасының шаңырағы. Үйдің тұңғыштары 1997 жылы дүниеге келсе, араға 4 жыл салып ерлі-зайыптылар егіз ұлды болыпты. Мұндай сирек кездесетін жайтты үй иесі Айдос Назаров «тәңірдің сыйы» деп санайды.
«Ұрпақтарымыздың солай жалғасқанына Аллаға шүкіршілік. Адам енді айтуы, былай жеткізу қиындау. Кеудеңде қуаныш кернеп тұрады ғой», - деді Айдос Назаров.
Маманның айтуынша, бұл құбылыс әлі толық зерттелмеген. Бірақ, генетикалық тұрғыда бірнеше фактор әсер етуі мүмкін.
«Жасы үлкейген жанұяларда болуы мүмкін. Ерлі-зайыптыларда. Және арғы тұқымында айтып кеткендей, әйел жағынан егіз болған жағдайда егіз туылу мүмкіндігі көбірек. Ер адам тасылмалдаушы болып, кейін қыздары егіз босануы мүмкін. Экологиялық факторлар болуы мүмкін. Радиация, химия болған жерлерде көптеп кездеседі деп жатады. Тамақтануға байланысты деп айтып жатады. Көбінесіе белок тағамдарын көп жейтін адамдарда», - дейді генетик Нұргүл Жүсіпова.
Айта кетсек, әлемде Ұштаған сынды ерекше елді-мекендер некен-саяқ. Мәселен, егіздер ең көп дүниеге келетін жер – Бразилияның Кандиду-Годой аймағы екен. Қалашық тұрғындарының 10 проценті – егіздер көрінеді. Ал, Украинадағы 4 мың тұрғыны бар Копаня ауылында 61 егіз тұрады екен.