Облыстық ішкі істер қызметкерлері түйе ұрлағандарды Бейнеу ауданы мен Атырау аумағынан ұстаған.
Барымташылар ірі қараны Қызылсай ауданындағы өндіріс аумағынан түйелер қараусыз қалғанда айдап әкеткен. Жедел іс-шара барысында ірі қара малды ұрлаумен айналысатын топтардың бірі Атырауда, тағы бірі - Бейнеу ауданының аумағында ұсталған.
«Күдіктілерді тексеру барысында олардың бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін істі болғандары анықталды. Сондай-ақ, олар 8 қаңтарда Ақтаудан бес шақырым жерде жайылып жатқан екі түйені ұрлаған. Барымташылар Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 2 миллион 750 мың теңге», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарлама.
Оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.