Маңғыстауға аса күшті шаңды дауыл жақындап келеді (ФОТО)
16:37, 23 Қазан 2015
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында ескерту жарияланды. «Қагидромет» РМК хабарламасы бойынша 23 қазанда өңір аумағында оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады деп күтілуде, жер-жерлерде желдің екпіні секундына15-20 метрге жетуі ықтимал.
Сондай-ақ, шаңды дауыл соғады деп болжануда. Жолдың нашар көрінуі жағдайына орай ТЖД әзірлікке келтірілді.
«Маңғыстау облысы бойынша ТЖД барлық жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдарға, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына, ұйымдар мен кәсіпорындарға ескерту ақпаратын жіберді. Тұрғындарға СМС хабарлама жолданды. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелері жоғары дайындыққа келтіріліп, авариялық-құтқару, медициналық техниканың әзірлігі тексерілді. Облыс тұрғындары тыныштық сақтап, төтенше жағдай орын алса, жедел ден қою қызметтеріне жүгінулерін өтінеміз», - деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз хатшысы Гүлнар Қожабекова.