«24 қыркүйек күні кешке 18:00 шамасында Қаракөлден түсірдім. Осы жылы құстар ерте келді. Олар қарашаның ортасына дейін осында болады. Сосын ары қарай Иран, Түрікменстанға ұшып кетеді» - деді блогер Азамат Сәрсенбаев.
Қызғылт қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі.
Қоқиқаздар Маңғыстауға бұдан бұрын ақпан айында келген еді.