Маңғыстауға қатынайтын тозығы жеткен вагондар жаңартылмақ

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау-Алматы бағыты бойынша 25 жаңа вагон іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, жаңа вагондартұрғындардың өтінішімен жаңартылмақ. Себебі, осы бағыттағы вагондар тозғанытуралы шағымдар көп түскен.

«Ескі вагондарды арнайы комиссия қарайды. Әлі 5 жылғапайдалануға болатын, жолға жарайтындарын шығарамыз. Ал, тозығы жеткендерутилизацияға жіберіледі»,-дейді Диас Ахметшәріп.

Екі пойыз жаңа 25 плацкарт вагондарынан құралған. Заманталабына сай кондиционер, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалетқондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар. Билет бағасы бұрынғыдайсақталады.

Еске салсақ, кешеелордадан Алматыға қосымша бірреттік пойыздар қатынайтындығы хабарлаған болатынбыз.