«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау мен Құрық порты аралығындағы теңіз жағалауының инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электр қуатымен, сумен, газбен қамту және Ақтау қаласынан «Алау» балаларды сауықтыру лагеріне дейінгі 4 жолақты қозғалыстағы, одан әрі Құрық паромдық кешеніне дейінгі 2 жолақты қозғалыстағы автожолдың құрылысын салу және қайта құрылымдау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде»,-деді әкім.
Өңірде инвестиция көлемі – 160 млн теңгені құрап, барлығы 41 жұмыс орны ашылды.
Былтыр Маңғыстау өңіріне келген саяхаттаушылардың саны 200 мыңнан асты. Аймақта туристерге қызмет көрсететін 90 қонақүй бар. Өткен 2018 жылдың 9 айымен (3,9 млрд. теңге) салыстырғанда, былтыр көрсетілген қызмет көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 104,3%-ға өсті.