Күдіктіден қара жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар толтырылған екі жол сөмке мен 8 пропилен қап тәркіленді.
Сот-химиялық сараптама ұсталған азаматтан алынған заттардың жалпы салмағы 69 келі 860 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігін анықтады. Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын оған жасы 45-тегі танысы Маңғыстау облысына жіберу үшін бергендігін айтты. Қазіргі кезде ҚР ҚК 296-бабы 4-ші бөліміне сәйкес, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі немесе психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.