Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Қалиеваның мәліметінше, «СК-Фармация» ЖШС жеткізген екпе облыстық денсаулық сақтау басқармасының вакцинация қоймасында сақталады.
«Алдымен ерікті түрде инфекциялық ауруханада жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне екпе салынады. Мұнан соң жедел жәрдем, емханада қызмет ететін мамандар егіледі. Айта кететін жайт, ерікті түрде вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакцина салар алдында дәрігер міндетті түрде тексереді», -деді Ғалия Қалиева.
Жылдың соңына дейін Маңғыстауға қазақстандық «Qaz Covid-in» вакцинасының 100 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр.