Жазғы лагерьге 1-10 сынып оқушылары жолдама алған.
«Өңірдің 92 мектебінде бастауыш сынып оқушыларына мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылған.
«Фламинго» лагерінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген арнайы квота аясында 1410 баланың демалысы жоспарланған. Қазіргі таңда үшінші ауысымда 350 бала өз уақытын тиімді өткізіп жатыр»,- деді Маңғыстау облысы Білім басқармасының бас маманы Орынгүл Мамутова.
Өңірде 143 627 баланың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді ұйымдастырудың төрт бағыты қарастырылған:
- жұмыспен қамту: 4 982 бала «Жасыл ел» көгалдандыру және аббаттандыру бригадасына тартылды;
- шығармашылық бағыт: 17 мың бала әртүрлі мекемелердегі 131 клуб пен үйірмеге, 23 мыңнан астам бала 55 аула клубтарына барады;
- спорт-туризм бағыты: 62 мыңнан астам оқушы жорықтарға, экскурсияларға, туристік таныстыру сапарларына, экспедицияларға (археологиялық, экологиялық, өлкетану) қатысады;
- зияткерлік бағыт: «Жас ұлан»,«Жас қыран» топ мүшелерінің көшбасшылары активінің жазғы мектептері, сондай-ақ 36 мыңнан астам бала тегін жазғы тілдік мектептерге, пікірсайыс үйірмелеріне барады.