Іс-шараға Мұнайлы және Қарақия аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау ауданының аңшылары қатыспақ. Олар бүркіттермен және тазылармен аң аулайды.
«Қазақтың бір қызығы - бүркіт, тазы» атты іс-шара ұмытылып бара жатқан көшпенділер аңшылығын насихаттайды. «Отпан» тарихи-мәдени кешені біздің бүркітшілерді насихаттауға оң серпін беруде», - деді кешен қызметкері.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының хабарлауынша, аңшылық маусымы Маңғыстауда 3 қыркүйекте басталған және 2019 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады. Жануарлар мен құстардың 10 түрін, соның ішінде 4 700 қоян, 170 түлкі және 140 қарсақ атуға рұқсат етілген.
Аңшылық шарасы 19 қаңтар күні сағат 11:00-де Батыс Қаратау маңында басталады.