Маңғыстаулық әйел жасауын сот арқылы қайтарып алды
03:56, 04 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күйеуінен ажырасқан маңғыстаулық әйел ата-енесінен жасауын сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматша А. Мұнайлы аудандық сотына күйеумен ажырасуына байланысты ата-енесінен дүние-мүлікті қайтаруды міндеттеуді сұрап арыз түсірген.
«Сот отырысында тараптар іс бойынша медиатордың жәрдемдесуімен медиция тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келді. Келісім бойынша А.талабын нақтылап, жауапкерлерден өзіне тиісті техникалық құралдарды талап ететінін көрсетті, ал ата-енесі аталған мүліктерін 4 күн ішінде қайтарады, аталған мүліктерді А. өзі барып алып кетеді және тасымалдау шығынын өзі көтереді», делінген соттың баспасөз баянында.
Үкім заңды күшіне енген.