Алматыда өткен әлемдік бәсекеде ел мерейін абыройлы қорғаған спортшы мен бапкерін Ақтау әуежайынан жанкүйерлері құрметпен қарсы алды.
Әлемнің үздіктері келген жарыста Марлен Әділ татамиге 60 келідегі салмақта шыққан. Ол 5 белдесу өткізіп, іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Марокко балуандарынан басым түсті. Ал жартылай финалда әзербайжан спортшысына есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде грузиялық балуанды жарыстан ығыстырған. Қола медаль үшін болған кездесуде тағы бір қазақстандық спортшыдан басым түсіп өзі қатысқан алғашқы әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
«Әлем чемпионатында 3 этап болды. Өте қиын болды, 1-белдесуімнен өзбек балуанымен шықтым. Бұрын жеңілген едім, осы жолы есемді қайтардым»,-дейді Марлен Әділ.
Алматыда жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігіне 64 елден 500-ге тарта спортшы келді.