Маңғыстаулық дзюдошы Азия чемпионы атанды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық дзюдошы Мұхаммед Зұлқарнаев Ливан қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатынан жүлдегер атанды,деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

15 елден спортшылар қатысқан сайыс 2 күнге жалғасқан. 90 келі салмақта  боз кілемге шыққан Мұхаммед жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды. Алтын медаль иегері осыған дейін Ташкент қаласында өткен Азия кубогының күміс жүлдегері атанған болатын.

«1 айналымда моңғол балуанымен шықтым. Оны таза ипон әдісімен жеңдім. Жартыла  финалда өзбек палуанымен кездесіп, бағым жанып алтын алқа тақтым. Алға қойған мақсатымыз бар. Әлем додасында жүлдеге ие боламыз ойдамыз»,-дейді Азия чемпионатының жүлдегері Мұхаммед Зұлқарнаев.