Мұнайшылар Елбасының еліміздегі бейбітшілікті сақтаудағы ерен еңбегін ерекше атап өтті.
«Біз «ҚазМұнайГаз» ҰК «ӨзенМұнайГаз» АҚ мұнайшылары ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған тұсындағы қиындықтары мен кедергілерден аман-есен алып шығып, әлемдік мемлекеттермен терезесі тең мемлекет құра білгені үшін, алты Алаштың амандығы мен басымызға бейбітшілік орнатқаны үшін алғысымызды білдіреміз»,- деді олар бейнеүндеуде.
«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның баспасөз қызметі тәй-тәй басқан баладай оң-солын танымаған жас Қазақстанды бүгінгі әлем таныған дәулеті мен сәулеті келіскен дамыған елге айналдырған тұлғаның есімін Астанаға беру шешімін тоғыз мың мұнайшы қолдайтынын атап өтті.