Сербия астанасы Белградта ММА-дан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 62 елінен 550 аса спортшы қатысты.
«Әлемдік додада аса ауыр салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Расул Хатаев жеңімпаз атанды»,- делінген мәліметте.
Жерлестері чемпионды Ақтау халықаралық әуежайынан күтіп алды.
Айта кетейік, жуырда ғана жаңаөзендік көркем гимнасшылар Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өткен Victory cup халықаралық жарысынан жүлдемен оралған еді.
Сурет: lada.kz сайтынан салынды