Ол облыс аумағында еңбектеніп жүрген шетелдік азаматтарға еш кедергісіз виза беру және оның мерзімін ұзарту үшін шетелдік компания өкілдерінен жүйелі түрде 500-ден 1000 АҚШ долларына дейін пара алды деп күдікке ілініп отыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті ұсталып, Ақтау қаласы уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.