Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр. Олардың 30 пайызға жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Ал жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қосымша тағы гранттар бөлу керек.
Студент қыз Арайлым Хыдырова бұл жаңалыққа ерекше қуанғанын айтады.
«Елбасымыз үшінші бастамада Қазақстанда 3 тілде білім алуға мүмкіндік бар екенін және жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы да 20 мың грант бөлінетіндігін айтты. Бұл қуанарлық жағдай. Көп жастар үшін бұл жаңа мүмкіндік. Жастар қалаған оқу орнында білім ала алады. Үздік университеттер қолжетімді болады. Ауылдан келетін қаншама жастар бар. Оқу ақысы да жылдан-жылға қымбаттау үстінде», - дейді ол.
Ал ұстаздар қауымыПрезиденттің бастамаларын жүзеге асыруға, оны тиянақты орындауға атсалысу - міндетіміз деп санайды.
«Елбасымыз білім беру қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы бірнеше тиімді шаралар ұсынды. Сонымен қатар мыңдаған гранттар бөлінгелі отыр. Бұл, цифрландыру мен ақпараттық технологияны дамыту үшін аса қажет деп білемін. Бөлінетін гранттардың басым көпшілігі техникалық бағытта болуы бізді қуантады», - деді Маңғыстау гуманитарлық колледжінің оқытушысы Меруерт Тасжанова.