Бұл кәсіпке деген қызығушылық Жанар Меңдіқұлованың мамандығын дене шынықтыру мұғалімінен тігіншіге ауыстыруға итермеледі. Әйел тігіншілік оның сүйікті ісі екенін, ал адам өзінің сүйікті ісімен айналысқанда ғана жетістікке жететінін айтып отыр.
«Шағын шеберханамызда Маңғыстауда жиі кездесетін ұлттық киім үлгілерін шығарып, тігеміз. Ерлер де, әйелдер де киетін түйе жүнімен қапталған бас киімдер немесе плащтар ерекше сұранысқа ие. Елімізде тігілген қазақтың ұлттық киімдері шетелге шығады. Тіпті, мұхиттың арғы жағы – Нью-Йорктен арнайы тапсырыстар бар. Біз үшін бұл – үлкен жетістік. Ұлттық мәдениетіміздің дүние жүзіне таралуына атсалысып жүргеніме қуаныштымын», – дейді Жаннар Меңдіқұлова.