Өңірдегі Құрық ауылының тұрғыны Кенже Көреғұлов өз қаражаты есебінен «Сурет салу» үйірмесін ашты.
Кенже Көреғұлов Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
«Қазіргі уақытта үйірмені ашқаныма 3 айдың шамасы болды. 7-11 жас аралығындағы 12 балаға бейнелеу өнерін үйретудемін. Қысқа уақыт ішінде шәкірттерім қарындаш, акварель, гуашь, майлы бояумен сурет салуға көшті. Негізі жасқа байланысты шектеу жоқ, ниеттенген адамдарға үйрете беремін», - деді ол.
Кенже Көреғұлов 250-ге жуық картинаның авторы. Бүгінге дейін аудандық мәдениет үйінде және Ақтау қаласындағы Әлем галереясында жеке көрме ұйымдастырған.
«Болашақта сурет үйірмесімен тоқталып қалмай, ағаш бұйымдарын жасау, құмыра жасау (Гончарь) үйірмесін ашқым келеді», - деді Кенже Көреғұлов.