Ол үшін белсенді жастар өз қаражатына материал алып, үйлерінен тігін машинасын әкелген.
Игі іске Қарақия мен Бейнеу аудандарының белсенділері кірісті. Олар бір күнде 2 мыңнан астам бетперде тіккен.
Ал ақтаулық еріктілер 200-ден астам өнім шығарып, аялдамалардағы тұрғындарға үлестірген. Олар әлі де 300-ге жуық бетперде тігуді жоспарлап отыр.
«Дәріханаларда медициналық бетперденің жетіспеуіне байланысты, осы шараны қолға алған едік. Бұл маскалар 8 қабаттан тұрады, сондықтан вирусты өткізбейді деп ойлаймыз. Дей тұрғанымен, тұрғындарға айтарымыз, бұл маскаларды үш сағаттан артық қолданбауларыңыз керек», - деді Ақтау қаласы әкімдігі Қоғамдық даму орталығының маманы Нұрбек Шүкірбаев.