Жоба аясында Маңғыстау облысының жастары мен волонтерлері бірлесіп 14 шағын ауданда 40-қа жуық ағаш көшетін отырғызды. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, саябақтарды күл-қоқыстардан тазартты.
Экологиялық жоба 15 мамыр күні жастар және волонтерлер ұйымдарының қатысумен барлық өңірлерде парктер мен скверлерді тазалау мақсатындағы «Таза парктер» экологиялық акциясымен және 25 мамыр күні барлық өңірлерде «Киелі Табиғат» экологиялық плоггинг өткізу шараларымен жалғаспақ.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «Киелі табиғат» экологиялық акциясын бастап бергенін жазған болатынбыз.