«Маңғыстаумұнайгазға» жаңа басшы тағайындалды

None
АҚТАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ -«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры болып бұған дейін «ТорғайПетролеум» АҚ-ның Бас директоры қызметін атқарған Айдарбаев Алик Серікұлы тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Оны «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин мұнайшыларға таныстырды.

Мекеменің үлкен мəжіліс залында өткен жиында Қабылдин Қайыргелді Мақсотұлы, облыс əкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов, мұнайшыларды Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күні мерекесімен жəне Жаңа жылмен құттықтап, жаңа басшылықпен бірге жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Алик Айдарбаев алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Жетібай мұнай-газ өндіру басқармасында операторлықтан бастаған.

Технолог, шебер, цех бастығының орынбасары сатыларынан өтіп тəжірибе жинаған жас маман 1991 жылы, сол кезде «Маңғышлақнефтінің» құрамында жаңадан ашылып жатқан Құмкөл кен орнына цех бастығы етіп жіберілді.

 «Южказнефтегаз» өндірістік бірлестігінің Бас директорының бірінші орынбасары, бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. 1995 жылдан «ТорғайПетролеум» АҚ-ның (бұрынғы «Құмкөл-Лукойл» ) Бас директоры болса, 2009 жылдың 14 желтоқсанынан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры.

Жаңа Құмкөл кен орнын жарақтандыруға, игеруге жетекшілік етіп, елеулі еңбек сіңірді. Техника ғылымдарының кандидаты, Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры.

«Құрмет» орденінің иегері. Ол басқарған «ТорғайПетролеум» компаниясы жақында 300 кəсіпорын қатысқан əлеуметтік жауапкершілік жөніндегі «Парыз» бизнесінің екінші республикалық конкурсында бас Гран-при сыйлығына ие болып, Алик Серікұлы Елбасымыздың қолынан алтын статуэтканы алған еді.