Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, рейд барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекет үшін үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды.
– Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды. Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатқанын жазғанбыз.